Қонақ үй қызметкері Лионель Мессимен бірге видеоға түскені үшін жұмыстан қуылды

Сурет: Instagram/intermiamifc
Майамидегі қонақ үй қызметкері Лионель Мессимен бірге видеоға түскені үшін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық қонақ үйдің қызметкері, эквадорлық Ямара Салинас "Интер Майами" матчының алдында атақты аргентиналықты кезіктіріп, онымен селфи жасап, видеоға түскен. Футболшыдан күйеуіне сәлем жолдауды да өтінген.

Бұл оқиға тамыз айының соңында орын алған, ал эквадорлық желіде таяуда осы видеосымен танымал болады. Қараша айында әйел осы видео астына өзінің жұмыстан қуылғанын жазады, бұл жайт көпшілікті бей-жай қалдыра алмайды. Оның айтуынша, видеоны көрген қонақ үй басшысы ашуға мініпті. Ол әйелге жұмыс уақытында бос, сандалып жүргенсің деп айып таққан.

Әйелдің жазбасына қарағанда ол жұмысынан айырылғанына еш қынжыла қоймаған. Керісінше, ол сол видеосымен күйеуіне ерекше эмоция сыйлай алғанына өте қуанышты көрінеді.

"Мен күйеуімнің арманын орындадым. Месси оған сәлем жолдады. Өкінішке қарай, осы видеоның арқасында жұмысымнан айырылдым. Құдай, маған да кезек келді, енді мені одан да жақсы күндер күтіп тұр", деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Бұл жазба көп қаралым жинап, желі қолданушылардың көбісі әйелдің жұмыстан шығарылуын әділетсіздік деп санайды. Жазба астында әйелге қолдау білдіргендердің кейбірі бұл жағдай Мессиді де бей-жай қалдыра қоймас, ол да үн қатар деп үміттенетіндерін жеткізген. Кейбіреулер оның бұрынғы жұмыс берушісі Роналдудың үлкен жанкүйері болар деп әзілдеген.

"Мессимен суретке түсу үшін мен, тіпті үйлену тойымның үстінен де кетіп қалар едім", – депті Ямараға қолдау білдіргендердің бірі.

Айта кетсек, Дональд Трамп өзінің кіші ұлы Барронның Криштиану Роналдумен таныстырғанына бір мақтанып алған болатын.

АҚШ
Месси Лионель

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды