Ойын өте тартысты өтті. Алдымен біздің шахматшылар 3: 1 есебімен сенімді түрде көшбасшылық тізгіне қол созды, барлығы қазақстандық құрама сөзсіз жеңеді деп ойлады. Алайда Үндістан командасы таңқаларлық табандылық танытып, көп ұзамай есепті теңестірді, содан матчты тай-брейк режиміне көшіруге тура келді.
Осы тұста біздің мықтымыз - Меруерт Камалиденова (2343 эло) блицтегі ең маңызды жеңістердің біріне қол жеткізіп, Қазақстан құрамасының жартылай финалға шығуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде ширек финалдың нәтижелері бойынша КӘЧ-2025 медальдарын өзара сарапқа салатын командалардың тізімі жасалды: Қытай Ресейге қарсы (fide) және Әзірбайжан Қазақстанмен ойнайтын болды.
Турнир ережесіне сәйкес, әрбір матч іріктеу кезеңіндегідей уақытты қамтып, екі матчтан тұрады: әр ойыншыға 45 минут және бірінші жүрістен бастап әр жүріске 30 секунд қосу мүмкіндігі беріледі.
Әлемдік чемпионаттың жартылай финалы 22 қарашада өтеді, ал бір күннен кейін чемпион атағы сарапқа салынады.
Павел Коцурдың шәкірттері Әзірбайжан командасын топтық кезеңде 2,5:1,5 есебімен жеңгенін еске сала кетелік.
Айта кетсек, Перу астанасы Лимада шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид) тоғыз турдың нәижесі бойынша 19 жастағы отандасымыз Ксения Балабаева 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті.