Еліміздегі белді шахматшы қыз рапидтен әлем чемпионы атанды

Шахмат, Перу, рапид, әлем чемпионаты, Ксения Балабаева, чемпион, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 18:33 Сурет: Қазақстанның шахмат федерациясы
Перу астанасы Лимада шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (рапид) өтті. Тоғыз турдың нәижесі бойынша 19 жастағы отандасымыз Ксения Балабаева 7 ұпай жинап, турнирде ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 секунд) өткізілді. Екінші жарыс күнінен кейін Балабаева 5 ұпаймен көш бастады. Жарыстың соңғы күнін Ксения 47-ші жүрісте Умида Омоноваға мат қойып, жеңіске жетті. Кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнап, 1-орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Ксения Балабаева – Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі. 2024 жылы Будапештте өткен шахмат олимпиадасында күміс медаль алған.

Ел намысын бұл чемпионатта Лия Құрманғалиева мен Әмина Қайырбекова да қорғады. Әмина 6 ұпай жинап, 7-орынға ие болса, Лия 5 ұпаймен 12-орынға тұрақтады.

2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, 20 жасқа дейін)

  1. WGM Ксения Балабаева (2287) – 7 ұпай;
  2. WIM Афруза Хамдамова (2384, Өзбекстан) – 6½;
  3. WFM Варвара Полякова (2065, FIDE) – 6½;
  4. WFM Анна Журова (2189, FIDE) – 6½;
  5. WIM Умида Омонова (2265, Өзбекстан) – 6.

Бұған дейін таеквондошы Самирхон Абабакиров әлемдік рейтингте көш бастап тұрғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: