Таеквондошы Самирхон Абабакиров әлемдік рейтингте көш бастап тұр
Сурет: ҚР ҰОК
Халықаралық таеквондо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстандық Самирхон Абабакиров тізімде алғашқы орнын сақтап қалды. Ол 63 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
- Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жетінші орынға тұрақтады.
- Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) сегізінші орынға көтерілді.
- Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) оныншы орынға жайғасты.
Бұған дейін "Қайрат" құрамасының жарақат алған қақпашысы Темірлан Анарбековқа қатысты тың мәлімет ұсынылған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript