Таеквондошы Самирхон Абабакиров Олимпиада чемпионына есе жіберді

Самирхон, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 17:30 Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында 58 келі салмақта сынға түскен Абабакиров алғашқы айналымда Олимпиада чемпионы, италиялық  Вито Дел'Акилаға қарсы шыққан болатын. 

Алғашқы кезеңде 12:6 есебімен басымдық танытқан Самирхон соңғы екі кезеңде қарсыласқа есе жіберіп алды. 

Айта кетелік, бұл - қазақстандық таеквондошының алғашқы Олимпиадасы. 

Енді ол қарсыласының финалға жетуін күтеді. Егер италиялық спортшы ақтық сынға жетсе, Самирхон Абабакиров жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: