Қазақстандық таеквондашы Самирхон Абабакиров Бельгиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Сурет: pixabay
Бельгияның Ломмель қаласында өтіп жатқан таеквондодан «Belgian Open G2» рейтингілік турнирінде еліміздің атынан сынға түскен Самирхон Абабакиров жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Olympic.kz сайтының жазуынша, Самирхон алғашқы айналымда испаниялық Исаак Бланко Пинейродан, екінші айналымда американдық Дэвид Кимнен айласын асырды. Ширек финал жолдамасы үшін таласта даянг иесі Хеди Неффатиді жеңіп, ал жартылай финалда француз Сириан Раведен басым түсті. Раве – 2021 жылғы Еуропа чемпионы.
Финалда қазақстандық таеквондошы австралиялық Бэйли Льюисті ұтты. Осылайша қарсылас шақ келтірмеген Абабакиров жарыс жеңімпазы атанды. Осы нәтижесінің арқасында Самирхон 20 ұпайға иелік етіп, бұл өз кезегінде оған әлемдік рейтингте жоғарылауға көмектеседі.
Қазір Абабакиров 92-орында тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript