Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Сурет: olympic.kz
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті.
Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Хаджимусаи 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript