Қазақстандық боксшы Моңғолиядағы додада көзге түсті

Қазақстандық боксшы Моңғолиядағы додада көзге түсті , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 09:36 Сурет: olympic.kz
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күні шаршы алаңға Ертуған Зейнуллинов шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тайпей өкілі Ю Линмен жұдырықтасты. Нәтижесінде Ертуған айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Осылайша Ертуған Зейнуллинов ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов ширек финалға өткен еді.

Бұған дейін Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: