Боксшы Ертуған Зейнуллинов та жартылай финалға жолдама алды

Бокс, Моңғолия, Ертуған Зейнуллинов, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2026 13:06 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен жұдырықтасты. 

Үш раундтың қорытындысы бойынша Ертуған Зейнуллинов 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бүгін, кешкі сессияда Валентина Хальзова (75 келіге дейін) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде нокдаунға түсіп қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: