Боксшы Ерасыл Жақпеков Азия біріншілігінде әлем чемпионына жол берді
Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық былғары қолғап шебері Ерасыл Жақпеков Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында әлем чемпионы өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевпен қолғап түйістірді.
Ерасыл бірінші раундта басым түсті. Дегенмен екінші және үшінші үшминуттықта өзбекстандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, бүгін, 5 сәуірде Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) шаршы алаңға шығады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript