Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде нокдаунға түсіп қалды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.
Үшінші раундта отандасымыз нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті.
Сондай-ақ бүгін, 4 сәуірде Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған болатын.
Бұған дейін Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Оразбек Асылқұлов (60 кг) жартылай финалға жолдама алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript