Бокстан Астанадағы Әлем кубогы кезеңі: Ертуған Зейнуллинов 1/4 финалға шықты

Бокс, Астана, Әлем кубогы кезеңі, Ертуған Зейнуллинов, 1/4 финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 21:39 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өтті.

Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда. Жерлесіміз 1/8 финалда түркиялық спортшы Ахмет Пекельмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллинов айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Бұған дейін Виктория Графеева бокстан Астанадағы Әлем кубогында екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазғанбыз. Сондай-ақ Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: