Бекзад Нұрдәулетов бокстан Астанадағы Әлем кубогының медалін өзіне қамтамасыз етті

Бекзад Нұрдәулетов бокстан Астанадағы Әлем кубогының медалін өзіне қамтамасыз етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 16:46 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Бекзад Нұрдәулетов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақта Аустралия елінің өкілі Лахлан Лоусенмен өзара мықтыны анықтады.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзад Нұрдәулетов 1/2 финалға өтті. Осылайша, қазақстандық боксшы кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті. 

Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) келесі кезеңге өтсе, Гүлсая Ержан (80 келіге дейін) жарыста өнер көрсетуін аяқтаған болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: