Моңғолиядағы Grand Slam турнирі: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Моңғолиядағы Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 10:20 Сурет: International judo federation
25 шілдеде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Grand Slam басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды. 

Аталған турнирге дзюдоның әлемдік көшбасшыларының көбісі қатыспайды. Бұл, ең алдымен, олардың әлем чемпионатынан кейін тынығып, қалыпқа келуге көңіл бөліп жатқанын аңғартады. Себебі Grand Slam – әлем біріншілігінен кейінгі алғашқы ірі жарыс болмақ.

Оған қоса, турнирге қатысушылар саны аса көп емес. Бұл – медаль алу мүмкіндігін арттыра түседі. Бұл жағдай Қазақстан құрамасына да қатысты.

Мысалы, 66 келіге дейінгі салмақта Бауыржан Нарбаев алғашқы белдесуінде жеңіске жетсе, бірден ширек финалға өтеді. Себебі екінші айналымдағы қарсыласы жарыстан бас тартқан.

73 келіге дейінгі салмақта Саят Сейітқалиев ширек финалға шығу үшін екі белдесуінде жеңіске жетсе жеткілікті. Ал 60 келіде өнер көрсететін Талғат Орынбасар мен Нұраділ Әлжан бір ғана жеңіспен ширек финалға өте алады.

Айта кетейік, бұл жолы Қазақстан құрамасы Моңғолияға көшбасшыларсыз аттанды. Бапкерлер жас дзюдошыларға сенім артып отыр. Себебі олардың басты мақсаты – Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына сенімді құрам жасақтау.

Еске салайық, жарысқа Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады. Олардың алғашқы қарсыластары төмендегідей:

Ерлер:

60 келіге дейін:

Талғат Орынбасар – Сухбат Бямбасурен (Моңғолия) – Чонгун Чой (Оңтүстік Корея) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі

Нұраділ Әлжан – Мехрзод Суфиев (Тәжікстан)

66 келіге дейін:

Ержан Еренқайыпов – Есин Бобокалонов (Тәжікстан)

Бауыржан Нарбаев – Артем Штурбабин (Өзбекстан)

73 келіге дейін:

Саят Сейітқалиев – Хвигон Ким (Оңтүстік Корея)

81 келіге дейін:

Мейіржан Жұмабек – Гансух Батсугар (Моңғолия)

90 келіге дейін:

Ермахан Әнуарбеков – Ганзориг Очирбаль (Моңғолия) – Николоз Давладзе (Грузия) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі

Әйелдер:

52 келіге дейін:

Толғанай Әбеуова – Мухайо Ахматова

Айта кетейік, Ұлан-Батырдағы Grand Slam турнирі 27 шілдеде аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: