Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 22:17 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Аурангабад қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Яшина жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген. Олар ширек финалда нидерландылық Мелисса Бойден — малайзиялық Эльза Ванды жеңді.

Матч 1 сағат 5 минутта аяқталды. Есеп – 6:1, 6:3.

Жібек Құламбаева мен Екатерина Яшина енді финалға шығу үшін үндістандықтар Чевика Редди Сама — Саумия Рондемен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева бір күнде жекелей және жұптық сында да жеңіске жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: