Азия чемпионатының кезекті күні: қазақстандық алты боксшысының бесеуі жеңіске жетті

Азия чемпионатының кезекті күнінде қазақстандық боксшылар қандай нәтиже көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 22:20 Сурет: olympic.kz
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алты боксшысы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бесеуі жеңіске жетті. Өкінішке қарай, 60 келі салмақтағы Бейбарыс Жексен 1/4 финалда қарсыласы тәжікстандық Акмал Убайдовқа есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.

80 келі салмақта Ерасыл Жақпеков жартылай финалға өтті. Ол ширек финалда Сағын Сатыбалдыұлынан басым түсті.

52 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева 1/4 финалда қарсыласы тайбэйлік Ю-Тин Луоны бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Ерлер арасында 57 келі салмақта Оразбек Асылқұлов таиландтық  Чуджан-Ат Пануватты жеңді.

Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек сәтті өнер көрсетуде. Ол вьетнамдық Тран Нгуеннен айласын асырып, жарыс жолын жалғастыруда.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол тайбэйлік Чен Енді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, жартылай финалға шыққан барлық боксшылар кем дегенде қола медальға қол жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: