Азия чемпионаты: Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды

Азия чемпионаты: Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 15:44 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Спортшы 63 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық кездесуде Әбікеева вьетнамдық Ха Линмен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Алғашқы алтынды Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңіп алған еді.

Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: