Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: Аида Әбікеева алтын медальға ие болған үшінші қазақстандық атанды

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Аида Әбікеева алтын медальға ие болған үшінші қазақстандық атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2025 23:34 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз ақтық сында таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістірді. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар.

Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) және Алуа Балқыбекова (50 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) күміс, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: