Бокстан ӘЧ-2025: Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Аида Әбікеева, Бокстан ӘЧ-2025, Ұлыбритания, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 18:19 Сурет: ҚР ҰОК
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта Лука Хаморимен (Венгрия) жұдырықтасты.

Венгриялық спортшы бірінші раундта басым түсті. Бірақ Аида Әбікеева қалған екі раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Бұған дейін "Қайрат" сапындағы грузин футболшысы Израиль клубына ауысып жатқанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: