Виктория Графеева бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді

Виктория Графеева бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2025 23:16 Сурет: olympic.kz
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева (60 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз финалда ресейлік Нунэ Асатрянмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Нунэ Асатрян басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар.

Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) және Алуа Балқыбекова (50 келі) алтыннан алқа тақса, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: