Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан нокаутпен ширек финалға шықты

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Махмұд турнирдегі алғашқы кездесуін тайбэйлік Ян Лин Лайға қарсы өткізді.
Жекпе-жек бір раундқа да созылған жоқ. Сабырхан қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript