Қазақстандық екі спортшы бокстан Азия чемпионатының келесі айналымына өтті

Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.
Ал тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.
Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript