"Қайрат" құрамасының жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбековтың жағдайы туралы не белгілі

"Қайрат" құрамасының жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбековтың жағдайы туралы не белгілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 16:31 Сурет: Instagram/nurgali_zhumagazy
2025 жылғы 25 қыркүйекте Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қайрат" футбол клубының бапкері Рафаэль Уразбахтин жарақат алған қақпашы Темірлан Анарбековтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уразбахтиннің айтуынша, жас қақпашы ауруханадан шыққан.

"Ол клуб базасына да келіп кетті... Қазір жақ сүйегіне қойылған бекіткіш бар... Жақын күндері сол бекіткіш алынып тасталады, сосын ол жаттығуға кірісе алады. Ең бастысы – орнатылған титан бөлшектері ағзаға сіңісіп кетуі керек. Жалпы, оның оңалу процесі қалыпты жүріп жатыр", – деді бапкер.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 14 қыркүйекте "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы матчтың 10-минутында Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып, алаңнан зембілмен шығарылған болатын. Диагноз – жақ сүйегінің сынуы.

Айта кетейік, "Қайрат" футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков алматылық клубты УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығарып, жұлдызға айналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: