Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: Кімдерге тегін кіру мүмкіндігі беріледі

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 16:27 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 4 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" матчы кімдер үшін тегін болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер сатылмайтын билеттер жайлы сұрақ қойды. Мысалы, фан-клубқа немесе мәртебелі қонақтарға арналған билеттер жайлы.

"Біз оларды билет емес, қонақтарға арналған шақыртулар деп атаймыз. Бұл ең алдымен шетелдік қонақтарға, УЕФА өкілдеріне, халықаралық бақылаушыларға, құрметті қонақтарға арналған. Әрине, "Қайрат" футбол клубы шақыртулар береді. Бірақ олардың санына қатысты қазір нақты айта алмаймын", – деді Серік Жарасбаев.

Сондай-ақ ол фанаттар үшін арнайы сектор қарастырылғанын айтты.

"Шамамен 60-қа жуық БАҚ өкілі бұл матчқа аккредитациядан өтеді. Бұл кімдер екенін кейінірек "Қайрат" футбол клубының ресми баспасөз брифингінде жариялаймыз. Алматы қаласындағы Орталық стадион халықаралық матчтарды қабылдауға дайын", – деп түйіндеді вице-министр.

Бұған дейін "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығатыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: