Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Алан Құрманғалиев 1/16 финалда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напока (Румыния) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуін жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз ерлер арасындағы жекелей сайысты сәтті бастады.

1/16 финалда Құрманғалиев Пуэрто-Рико спортшысы Энрике Риоспен кездесті. Алан айқын басымдық танытып, 4:0 есебімен (11:6, 11:5, 11:3, 11:7) жеңіске жетті.

1/8 финалда қазақстандық спортшы Францияның аралас жұптық сындағы чемпионы, әлемдік рейтингте 33-орында тұрған 17 жастағы Флавьен Котонмен кездеседі.

Бұған дейін Алан Құрманғалиевтың үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін