"Барселона" қатарынан жеті матчта жеңіске жетіп, жылды Ла Лиганың көшбасшысы ретінде аяқтады

Сурет: Instagram/FCBarcelona
Каталониялық "Барселона" футбол клубы қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізді. Соңғы ойында команда Испания чемпионатының 17-туры аясында сырт алаңда "Вильярреалды" 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 желтоқсанда "Эстадио де ла Серамика" стадионында өткен кездесуде Ханси Флик жаттықтыратын ұжым алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соқты.

Бразилиялық Рафинья есепті 12-минутта пенальтимен ашты. Ал екінші таймда Ламин Ямаль өздерінің басымдығын екі есеге арттырды.

Осылайша "Барселона" 2025 жылды Ла Лига турнир кестесінің бірінші орнында аяқтады. Команда 46 ұпай жинап, "Реалдан" төрт ұпайға алда келеді. Ал үздік үштікті 37 ұпайы бар "Атлетико" түйіндеп тұр.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының экс-бапкері қақпаға тұрып, турнир жеңімпазы атанғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды