Қазақстан құрамасының экс-бапкері қақпаға тұрып, турнир жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасының экс-бапкері қақпаға тұрып, турнир жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 11:20 Сурет: fc-akhmat.ru
Бұрынғы атақты ресейлік қақпашы, Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған Станислав Черчесов Австрияда ардагерлер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

62 жастағы маман жасына қарамастан алаңға шығып, өз командасының қақпасын сенімді қорғады. Ол ардагерлер командасының сапында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Нәтижесінде оның командасы аталған турнирдің жеңімпазы атанды.

Станислав Черчесовтің мансабына тоқталсақ, ол 1996–2002 жылдар аралығында "Тироль" клубының құрамында 182 матч өткізген және Австрия чемпионы атағын үш рет иеленген. Сондай-ақ ресейлік қақпашы 1993–1995 жылдары Дрезденнің "Динамо" клубының намысын қорғаған.

Бұған дейін Мбаппенің "Реалға" жеңіс сыйлап, өз жетістігін Роналдудың стилінде атап өткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: