Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасынан кетті

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 14:18 Сурет: Zakon.kz
Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының сайты.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

"Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді!" Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылғы маусымда ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: