Черчесов футболдан Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, қазақша құттықтау жолдады

Станислав Черчесов, Наурыз, құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2025 14:25 Сурет: Instagram/stanislav.shershesov.official
Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс командасымен кездеспек Қазақстан футболшыларына сәттілік тілеп, Наурыз мейрамымен құттықтады деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан құрамасына 2026-жылғы Әлем чемпионатындағы Уэльс пен Лихтенштейнға қарсылас іріктеу матчтарында сәттілік тілеймін! Өткен жылғы тәжірибелеріміз бен жаңа жаттықтырушылар штабының көзқарасы Қазақстан құрамасына алдағы ойындарда сәтті өнер көрсетуіне көмектеседі деп үміттенемін! Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақстандық футбол жанкүйерлерін Наурыз мейрамымен және көктемнің келуімен құттықтаймын! Барлықтарыңызға қуаныш пен өміріңізде жарқын оқиғалар тілеймін!", деген Станислав Черчесов, желідегі бұл жазбасын екі тілде жариялады. 

Уэльс-Қазақстан матчы Кардифте Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те 22-інен 23 наурызға қараған түні болады.

Айта кетсек, ресейлік маман Станислав Черчесовтың 27 қаңтарда Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен босатылғаны белгілі болды. Қазақ тілі туралы орынсыз қалжыңы үшін оның мәселесі Парламентте қаралып, ақырында оған айыппұл салынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: