Футболдан Қазақстан құрамасы бапкерлігінен үміткерлердің бірінің аты-жөні белгілі болды

Станислав Черчесов, футбол, Қазақстан құрамасы, бас бапкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 21:20 Сурет: Instagram/stanislav.cherchesov.official
Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Спорт Шредингера" басылымының Telegram-дағы арнасы жазғандай, жақын күндері ресейлік маман Астанаға ұшып келіп, жылына 1,2 млн евро жалақы ұсынатын келісімшартты талқыламақ. 

Айта кетейік, Черчесов 2021 жылдың шілдесінде Ресей футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Ал желтоқсан айында ол "Ференцвароштың" (Венгрия) тәлімгері болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: