Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды
Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші мәрте ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірнеше матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.
Ол сондай-ақ бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу", "Ертіс" (Павлодар), "Ақжайық" (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы мансабында "Ертіс", "Металлург", "Еңбек", "Экибастузец", "Жетісу" және "Восток" клубтарында ойнады.