Төрт құрлық чемпионаты: Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада төртінші орынға ие болды

Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған бағдарламада Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников ел намысын қорғап жатыр, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров төрешілердің шешімімен 90,55 ұпай жинап, аралық есепте төртінші орынға тұрақтады. Диас Жиренбаев 63,90 ұпаймен 19-орынды, ал Олег Мельников 58,96 ұпаймен 21-орынды иеленді.

Үш қазақстандық спортшы да еркін бағдарламаға жолдама алды. Ол үшін үздік 24 спортшының қатарына ену қажет болды.

Жарыста жапониялық Као Миура 98,59 ұпаймен көш бастады. Одан кейін Кадзуки Томоно (Жапония) - 97,19 ұпаймен екінші орынға шықса, Сота Ямамото (Жапония) - 94,68 ұпаймен үшінші орынға орналасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді. Михаил Шайдоров бұл турнирде чемпион мәртебесімен өнер көрсетуде.

Бұған дейін Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында тоғызыншы орынға ие болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды