Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында тоғызыншы орынға ие болды

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында тоғызыншы орынға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 23:10 Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Софья еркін бағдарламада төрешілердің шешімімен 120,22 ұпай жинады. Жалпы есепте қазақстандық спортшы 182,51 ұпай жинап, нәтижесінде тоғызыншы орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Амира Ирматова да өнер көрсетті. Ол 123,20 ұпай жинап, 21-ші орынмен жарысты аяқтады.

Үш жүлдені де Жапония құрамасының спортшылары жеңіп алды. Юна Аоки 217,39 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Ами Накай 215,78 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Моне Тиба 202,23 ұпай алып, үздік үштікті түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: