Михаил Шайдоров Бейжіңдегі Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды

Михаил Шайдоров Бейжіңдегі Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2026 15:05 Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы аралық есепте төртінші орында тұрған болатын. Еркін бағдарламада Шайдоров 175,65 ұпай жинап, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 266,20 ұпаймен жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Жапониялық Као Миура 273,73 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Ча Джун Хван (273,62) иеленсе, қола медаль тағы бір жапониялық спортшы Сота Ямамотоға (270,07) бұйырды.

Диас Жиренбаев жарысты 20-орында (185,43) аяқтаса, Олег Мельников 21-сатыға жайғасты (164,34).

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. Аталған дүбірлі дода 6 ақпанда салтанатты түрде ашылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: