Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатын тамаша көрсеткішпен бастады

Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатын тамаша көрсеткішпен бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 17:39 Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 94.73 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Ол бұл нәтижеден кейін ерлер арасындағы жекелей сырғанау бойынша турнир кестесінде көш бастады. Екінші орында Джимми Ма (АҚШ) тұр – 82,52. Казуки Томоно (Жапония) үшінші орында – 79,84.

Айта кетейік, жеңімпаз бен жүлдегерлер еркін бағдарламадан кейін анықталады. Ол 22 ақпанда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: