Азия ойындарының қола жүлдегері Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Сеул (Оңтүстік Корея) 19-23 ақпан аралығында мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатын қабылдайды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлер арасындағы сайыста Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды.
Медаль үшін Диас Жиренбаев пен 2025 жылы Харбинде (Қытай) өткен Азия ойындарының қола жүлдегері Михаил Шайдаров таласады.
Әйелдер арасындағы жарысқа Софья Самоделкина мен София Фарафонова қатысады.
Мұздағы би бойынша Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Қазақстан атынан сынға түседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript