Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 19:26 Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смагулов - қосалқы спортшылар.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді.

Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 21-25 қаңтар аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: