Қазақстандық конькишілер Жапонияда өтетін төрт құрлық чемпионатында бақ сынайды
Сурет: pixabay
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының тренерлік штабы Хатинохе (Жапония) қаласында өтетін төрт құрлық чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық турнир 15-17 қараша аралығында өтеді. Қазақстанның атынан 15 спортшы жарысқа қатысады.
Спортшылар арасында Ақжол Нұрәлі, Виталий Щиголев, Бақдәулет Сағатов, Евгений Кошкин, Никита Важенин, Роман Биназаров, Андрей Семенов, Алтай Жәрдембекұлы, Надежда Морозова, Кристина мен Инесса Шумековалар, Кристина Силаева, Мария Деген, Маргарита Галиева және Дарья Важенина бар.
Олар медалдар үшін таласады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript