Қазақстандық конькиші төрт құрлық чемпионатында алтын медаль еншіледі

Конькимен жүгіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2021 12:07 Сурет: Zakon.kz
Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, аталған сында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр.

1500 метр қашықтықтағы жарыста қазақстандық Дмитрий Морозов тамаша өнер көрсетіп, алтын медальге ие болды. Ол аталған қашықтықты 1:33.45 секундта жүгіріп өтті. 

Күміс және қола жүлдені Канада мен Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Демьян Гаврилов жетінші болып жарысты түйіндеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: