Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада 9-орынға ие болды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өз өнері үшін қазақстандық спортшы 62,29 ұпай алды. Бұл нәтиже оған аралық есепте тоғызыншы орын алуға мүмкіндік берді.
Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи 73,83 ұпаймен бірінші орынға шықты. 71,41 ұпайға ие болған тағы бір жапониялық спортшы Юна Аоки екінші орынға жайғасты. Ал Моне Чиба (Жапония) 68,09 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орында келеді.
Еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript