Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алды

Софья Самоделкина, Корея, мәнерлеп сырғанау, төрт құрлық чемпионаты, жетінші орын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 11:59 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 129,39 ұпай жинады. Жалпы есепте 193,37 ұпайға жетіп, ол жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 222,38 ұпай. Екінші орынды 204,38 ұпаймен америкалық Брэдди Тэннел иеленді. Үздік үштікті тағы бір америкалық спортшы Сара Эверхард қорытындылады – 200,03 ұпай.

София Фарафонова 104,20 ұпай жинап, 20-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Михаил Шайдоров жеке рекордын жаңартып, жеңіске жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: