Олимпиада ойындарында 18 ақпан күні отандастарымыз қандай нәтиже көрсетті

Сурет: Instagram/milanocortina2026
18 ақпанда Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, тау шаңғысы спорты, фристайл-акробатика және шорт-трек бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, еркін әдіспен командалық спринттің іріктеу кезеңінде қазақстандық шаңғышылар Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко өнер көрсетті.

Степашкина мен Ряжко 7:14.61 нәтижемен 17-орын алды. Финалға шығу үшін іріктеуде үздік 15 команданың қатарына ену қажет еді.

Ерлер арасындағы командалық спринт іріктеуінде қазақстандық шаңғышылар Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков 6:35.34 уақыт көрсетіп, 27-орынға тұрақтады.

Әйелдер арасындағы слалом жарысында қазақстандық тау шаңғышысы Александра Скороходова алғашқы жарыстың өзінде-ақ қашықтықтан шығып қалды.

Фристайл-акробатика сайысында Аяна Жолдас 21-орын иеленді.

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Денис Никиша 500 метр қашықтықта жетінші орын алды. Ал қазақстандық Абзал Әжғалиев ширек финалға дейін жетті.

Бұған дейін норвегиялық шаңғышы қысқы Олимпиада ойындарының 10 дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін