Александр Бублик Монте-Карлодағы турнирдің ширек финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карлодағы ATP 1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик бұл кезеңде чехиялық теннисші, әлемнің 13-ракеткасы Иржи Легечкамен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 5 эйс жасап, бір қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті қолданды.

Енді Александр ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық теннисші Карлос Алькарас пен аргентиналық Томас Мартин Этчеверри арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы іріктеу матчының жеребесі тартылғанын жазғанбыз.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін