Астанадағы Grand Slam турнирі: Камила Берліқаш күміс жүлдегер атанды

Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін ресейлік Элис Старцевамен белдесті.

Шешуші белдесуде ресейлік балуан мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Камила Берліқаш жарысты күміс жүлдемен түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Grand Slam турнирін сегіз медальмен аяқтады. Жарыс жеңімпаздарының қатарында Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) мен Марат Байқамуров (100 келіге дейін) бар. Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Камила Берліқаш күміс жүлдеге ие болды. Ал Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев