Қазақстан құрамасы садақ атудан Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы садақ атудан Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінде төртінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, Виктория Лян мен Мұса Ділмұхамет аралас командалар арасындағы жарыстың шешуші кезеңіне дейін жетті. Қола медаль үшін өткен кездесуде қазақстандық мергендер Эстония құрамасымен сынға түсті.

Тартысты бәсекеде қарсылас команда басым түсіп, кездесу 154:153 есебімен Эстония спортшыларының пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты төртінші орынмен қорытындылады. Алтын медаль АҚШ құрамасына бұйырды. Америкалық спортшылар финалда Түркия құрамасын жеңді.

Сонымен қатар блоктық садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы да үздік ондыққа енді. Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Бұған дейін "Барселона" құрамасы "Реал Мадридті" жеңіп, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды