Назерке Болатбек Ташкенттегі WTT Youth Contender халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры
Қазақстандық Назерке Болатбек халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етті. Жас спортшы Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2026 халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Асықата ауылынан шыққан Назерке 11 жасқа дейінгі қыздар арасында өнер көрсетіп, әлемнің әр елінен келген қарсыластарымен тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.

13-16 мамыр аралығында Өзбекстан астанасындағы "Yunusobod" спорт кешенінде ұйымдастырылған беделді халықаралық додаға 500-ге жуық спортшы қатысты. Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Түркия, Сауд Арабиясы, Гонконг және басқа да мемлекеттердің жас теннисшілері бақ сынады.

Қазақстан құрамасы сапында бұл жарысқа Auyl Sport 2025 республикалық турнирінің жеңімпаздары атанған Түркістан облысының төрт жас спортшысы қатысты.

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры

"Бұл жарыс маған үлкен тәжірибе сыйлады. Әлемнің әр түкпірінен келген мықты спортшылармен ойнау оңай болған жоқ. Бірақ ауылдан шыққан балалардың да халықаралық деңгейде жеңіске жете алатынын дәлелдегім келді. Auyl Sport жобасына, бапкерлеріме және ата-анама алғыс айтамын", – деді Назерке Болатбек.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді