14 жасар қазақстандық Албаниядағы турнирде ITF титулын жеңіп алды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Айым Қанағатова Албания астанасы Тиранада өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30 Tirana) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәсекеде 18 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынаған болатын. "Жетісу" теннис орталығының 14 жасар тәрбиеленушісі жекелей сында бас жүлдені еншіледі.

Шешуші матчта отандасымыз австриялық Юлия Эренбергермен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған тартысты финал 6:4, 3:6, 6:1 есебімен Айымның пайдасына аяқталды.

Бұл трофей Айым Қанағатованың кәсіби карьерасындағы ITF Juniors сериясы бойынша алғашқы жүлдесі. Жарыс барысында жас отандасымыздың тек өзінен жасы үлкен әрі тәжірибелі қарсыластарды қапы қалдырып, жеңіске жетуі маңызды жетістік болды.

Бұған дейін бүгін, 25 мамырда Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турниріндегі жарыс жолын бастайтындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін