Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турниріндегі жарыс жолын бастайды

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турниріндегі жарыс жолын бастайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 09:50 Сурет: j48tennis
25 мамыр күні Қазақстан уақытымен сағат 16:30-да әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі жарыста өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисшінің алғашқы қарсыласы – 26 жастағы словениялық Вероника Эрьявец. Ол негізгі турнир кестесіне last direct acceptance мәртебесімен, яғни іріктеу кезеңінсіз тікелей өткен соңғы спортшы ретінде енді.

Биыл Вероника WTA деңгейіндегі матчтарын Австралия ашық чемпионатында және Клуж-Напока турнирінде өткізді. Алайда екі жарыс та ол үшін сәтсіз аяқталды. Ақпан айынан бері Эрьявец Хучжоу мен Антальядағы "челленджер" турнирлеріне қатысып жүр. Дегенмен, жоғары деңгейдегі турнирлерде тәжірибесі аса мол емес.

Бұған дейін Елена Рыбакина мен Вероника Эрьявец өзара кездеспеген.

Өткен маусымда Рыбакина Франциядағы турнирде төртінші айналымға дейін жетіп, Ига Швёнтекке жол берген еді. Сондықтан алдағы екі аптада Еленаға небәрі 240 рейтингтік ұпайды қорғау қажет.

Бұған дейін қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: