Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2026 22:25 Сурет: United world wrestling
Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті жарыс күнінде грек-рим және әйелдер күресінің балуандары сынға түсті. Отандастарымыз алты медаль жеңіп алды.

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алина Ертөстік (76 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін), Диас Нұрақов (63 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін грек күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі. Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: