Ролан Гаррос-2024: Рыбакина күтпеген жерден жеңіліс тапты

Елена Рыбакина, Ролан Гаррос-2024, Ясмина Паолини, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 21:55 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 5 маусымда Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен өзара бақ сынасып, күтпеген жерден жеңіліс тапты.

Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды. Есеп – 6:3, 5:7, 6:3. Басымдық Паолинидің еншісінде.

Айта кетер жайт, Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда топ жарса, Паолини "Үлкен дулыға" додасының ширек финалына алғаш рет шығып отыр. 

Бәсеке барысында Рыбакина 10 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Паолини 1 эйс, 7 брейкпен көзге түсті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: